Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Акмолинская область

"Ерлердің есімі өлмес»

"Ерлердің есімі өлмес»

Гавриил Федотович Кирдищев 1919 жылы 20 нау-рызда Сталин ауданы (қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы)  Приозерное селосында (2007 жылдан бастап Жалғызқарағай ауылы) дүниеге келген.


Жеті жылдық мектепті, содан кейін Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы теміржол ФЗУ-ын  бітірді. 
Петропавл стансасының паровоз депосында слесарь болып жұмыс істеді.Әскер қатарына 1938 жылы Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл әскери комиссариатымен шақырылып, КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының Шекара әскерлеріне жолдамамен жіберіледі. Әскери қызметті Армения мен Камчаткада шекара заставаларында өтеді. 1941 жылдың маусым айының соңынан – өнеркәсіптік аса маңызды кәсіпорындарын күзету бойынша КСРО ІІХК әскерлерінің 205-ші атқыштар полкінің 1-ші атқыштар батальонының 3-ші атқыштар ротасының әскери қызметшісі (Горький әскери гарнизоны)– ә/б, ол 1942 жылдың 31 қаңтарынан бастап өнеркәсіптік аса маңызды кәсіпорындарын қорғау бойынша КСРО ІІХК әскерлерінің жаңа құрылған 17-ші атқыштар дивизиясының құрамында болған.
1942 жылы ІІХК әскерлерінің Саратов әскери училищесінің қысқа мерзімді офицерлік курсын (кіші лейтенанттар курсын) бітірді. 1944 жылдан бастап белсенді армия қатарында.1944 жылдың басында 3-ші Белорус майданының 13-ші шекара полкінің 8-ші заставасы бастығының орынбасары, содан кейін оның бастығы болып тағайындалды. Застава Украина, Белоруссия және Прибалтика аумағын азат еткен Кеңес әскерлерінің тылдарын қорғады. Кіші  лейтенант Кирдищев Рудница және Пустолувка  деревняларының ауданында шайқасты шебер жүргізді. Вильнюсте мемориалдық зиратта жерленген. Қазіргі уақытта Г.Ф. Кирдищевтің сүйегі Антакальнистегі Ұлы Отан соғысының кеңестік жауынгерлеріне  арналған естелік мемориалды ансамбльдің бауырлас зиратында жерленген. РСФСР Министрлер Кеңесінің 1975 жылғы 15 мамырдағы № 319-20 Қаулысы негізінде КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы МҚК Қызыл Тулы Тынық мұхиты шекаралық округінің Ленин және Александр Нев-ский ордендері 60-шы Виленск, Курильск шекаралық отрядының «Налычево» шекаралық заставасына (қазір — Ресей ФҚҚ жағалау күзетінің Солтүстік-Шығыс шекара басқармасының құрамында) Кеңес Одағының Батыры кіші лейтенант Г.Ф.Кирдищевтің есімі берілді. Бір уақытта Г.Ф. Кирдищевтің есімі осы шекара заставасының жеке құрамының тізіміне мәңгілікке енгізілді, ал заставада оның мүсіні орнатылды. 
Петропавл-Камчатский (Ресей) қаласында оның есімімен көше аталған, 2008 жылдың 26 мамырында Кирдищевтің есімі осы қаланың № 28 мектебіне берілді. 
Ұлы Отан соғысы тарихының Белорус мұражайының батырлар залында Батырдың есімі мәрмәр тақтасында жазылған. Санкт-Петербургте контейнеровоз  бен  Камчаткадағы  заставаға  Кирдищевтің есімі берілген.
Алексеевка қаласының (қазіргі Ақмола облысы Ақкөл қ.) көшелерінің бірі, сондай-ақ мәдениет және демалыс саябағы, оның есімімен атанған.
Қаланың орталық алаңында оның есімі мәңгілік оттың жанында мәрмәр тақтасында жазылған.
Оның есімі Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылындағы  орта мектепке берілді, 1990 жылы мектеп ғимаратының алдында бюсті орнатылды, мектеп ішінде мұражайы бар, оған батырдың туғандары оның жеке заттары мен хаттарын табыстады.
Біздің бейбіт болашақ  үшін өмірін құрбан еткен жерлесімізді мәңгілік есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз!

Л.Лысакова,  
Абай атындағы аудандық кітапхана
 

Другие новости